Түркістан облыстық қаржы басқармасының кәсіподақ комитетінің 2018 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі тыңдалды

Түркістан облыстық қаржы басқармасының бастауыш кәсіподақ комитетінің төрағасы Омаров Қуатбек Асанұлы кәсіподақ ұйымының 2018 жылы атқарылған жұмыстары туралы есеп берді. Кәсіподақ жиналысына басқарма басшысы Абдрахман Тасыбаев арнайы қатысты.

Кәсіподақ төрағасы басқармада тәжірибелі, өз ісіне берілген, біліктілігі жоғары мамандар жұмыс істейді. Сол себептен де арыз-шағым орын алмағанын, 2018 жылы басқармадағы кәсіподақ мүшелері арасында біршама мәдени-көпшілік жұмыстар ұйымдастырылып өткізілгенін атап өтті. Атап өтер болсақ:

2018 жылдың 19-29 сәуірі аралығында 23 маусым – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Қызметшілер күніне және ҚР-дағы мемлекеттік қызмет істері органдарының 20 жылдығы мерекесіне орай спорттың 6 түрінен (Волейбол, шағын футбол, гір көтеру, жүзу, арқан тарту, үстел теннисі) спартакиадалық жарыстарға қатыстық.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тарапынан 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне орай өңіріміздегі балалар үйлерінің материалдық-техникалық жабдықталуына қаржылай көмек беру мақсатында өткізілген мемлекеттік қызметшілер арасында қайырымдылық акциясына қатысты. «Алға басу – движение вперед» мемлекеттік қызметшілер арасындағы қайырымдылық жарысына қаржы басқармасынан 2 кәсіподақ мүшесі (Искаков Сұлтан, Халыбаев Ержан) қатысты.

Мемлекеттік қызметшілер арасында Облыстық спорт басқармасы тарапынан ұйымдастырылған кіші футболдан, волейболдан лига ойындарына қатыстық.

2018 жылғы 15 қараша күні Ұлттық валюта – Теңгенің айналымға енгізілгеніне 25 жыл толуына және қаржы жүйесінің қызметкерлерінің кәсіби мерекесін кеңінен атап өту мақсатында Түркістан қаласы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің мәдениет сарайында салтанатты іс-шара өткізілді.

Сондай-ақ, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму саласына елеулі үлес қосқан қаржы саласының қызметкерлері мен ардагерлерге облыс әкімі, облыс мәслихаты, «Нұр Отан» партиясы, облыстық кәсіподақ ұйымының, облыстық қаржы басқармасының грамота, алғыс хаттары табысталды.

Сонымен қатар, Облыстық қаржы басқармасы жыл сайын кәсіби мерекелері қарсаңында спорттық жарыстар бойынша турнир ұйымдастыруды дәстүрге айналдырып келеді.

Ағымдағы жылдың 19 қазан күні Ұлттық валюта – Теңгенің айналымға енгізілгеніне 25 жылдық мерейтойына орай қаржы саласы қызметкерлері арасында спорттың 5 түрінен (шахмат, тоғызқұмалақ, волейбол, үстел тенисі, шағын футбол) спартакиада өткізілді.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, дене шынықтыру, қоғамда және мемлекеттік органдар арасында бұқаралық спорттың маңызын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған спорттық турнирге облыстық Мемлекеттік кірістер, Қазынашылық, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменттері, Ұлттық банк және 2-ші деңгейдегі

банктер, «Қазпошта» АҚ-ы, облыстық тексеру комиссиясы, мемлекеттік сатып алу басқармасы, аудан, қалалардың экономика және қаржы бөлімдері мен Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы басқармаларының командалары қатысты. Командалық есеп бойынша: Облыстық Қаржы басқармасы 3-орынды иеленді. Ұлттық валюта – Теңгенің айналымға енгізілгеніне 25 жылдық мерейтойына орай қаржы басқармасының ардагерлері шақырып құрмет көрсетілді.

Жаңа 2019 жылды қарсы алу іс-шарасы ұйымдастырылып, өткізілді. Жаңа-жыл мерекесіне орай кәсіподақ мүшелерінің кішкентай бүлдіршіндеріне арнайы сыйлықтар кәсіподақ жарнасынан жиналған қаржы есебінен табысталды.

«Түркістан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен кәсіподақ комитеті арасындағы ұжымдық шарт негізінде 2 кәсіподақ мүшесіне (Тойлыбаева Мадина, Баймендиева Назгүль) бала асырап алуына байланысты, 1кәсіподақ мүшесіне (Суюбаева Дина) денсаулығына байланысты қаржы басқармасының есебінен материалдық жәрдем көрсетілді.

«Әз-Наурыз, төрлет төріме!» наурыз мерекесіне орай Түркістан қаласы Департаменттер үйінде орналасқан мемлекеттік органдар (Түркістан облысы бойынша статистика департаменті, Түркістан облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті, Түркістан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Түркістан облысы бойынша экология департаменті, Түркістан облысы бойынша әділет департаменті, Түркістан облыстық қаржы басқармасы, арнайы мектеп интернат ұжымы) арасында 2019 жылдың 19-шы наурыз бен 29 наурыз аралығында спорт түрлерінен Спартакиада өткізілді.

8 спорт түрінен (Волейбол ерлер, Стол теннисі ерлер,әйелдер, шахмат ерлер, әйелдер, тоғызқұмалақ ерлер, әйелдер, дойбы ерлер, әйелдер, қол күресі ерлер,әйелдер, гір тасын көтеру ерлер, арқан тарту ерлер) өткізілген Спартакиада қорытындысымен командалық есепте 46 ұпай жинаған «Арнайы мектеп интернат» 1-ші орынды, 30 ұпай жинаған «Облыстық қаржы басқармасы» ұжымы 2-ші орынды, 26 ұпай жинаған «Облыстық статистика департаменті» ұжымы 3-ші орынды иеленді.

Қаржы басқармасы қызметкерлері арасынан стол тенисінен әйелдер арасында қаржы басқармасы басшысының орынбасары Нұрманова Нағима Орынбасарқызы 1-ші орын, Тоғызқұмалақтан әйелдер арасында басқарманың мұрағатшысы Алтынбекова Ақтоты 1-ші орын, Волейболдан қаржы басқармасының командасы 2-ші орын, Тоғызқұмалақтан ерлер арасында басқарма басшысының орынбасары Жанғазиев Ербол Ұласбекұлы 2-ші орын, шахматтан ерлер арасында басқарманың бас маманы Бердіқұлов Ақыл 3-ші орын, дойбыдан әйелдер арасында қаржы басқармасының бас маманы Бекебай Айдана 3-ші орын иеленіп басқарманың командалық есепте 2-ші орын алуына үлкен үлесін қосты. Жеңімпаз 1-ші, 2-ші, 3-ші орын алған командалар арнайы кубоктармен марапатталды.

Спорт түрлері бойынша жеңімпаздар ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғ. Тұрсынбаевтың, Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы Түркістан облыстық филиалының басшысы К.Есебаеваның атынан арнайы дипломдармен марапатталды.

Басқарманың қоғамдық жұмысына белсене араласып қызмет көрсеткені үшін кәсіподақ мүшелеріне кәсіподақ комитеті атынан алғыс айтамын,- деді ұйымның төрағасы Қуатбек Омаров.

Бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ мүшелері ұйымның төрағасы Қуатбек Омаровқа атқарған жұмысына қанағаттанарлық деген баға берді.