Бүгін 8 мамыр күні Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің конференц-залында ҚР Президенттігіне кандидат Амангелді Таспиховтың аймақтық қоғамдық штабы арнайы ашылды.
ҚР Президенттігіне кандидат А. Таспиховты аймақтық қолдау штабының төрағасы М. Төлепберген үстіміздегі жылдың 4 маусымында ҚРКФ-ның төрағасы Б.Ж.Әбдірайымның төрағалығымен ҚР Президенттігіне кандидат А. Таспиховтың республикалық қоғамдық штабы құрылғанын, еліміздің барлық облыстарында аймақтық штабтар ашылып жатқанын, бүгінгі күнге Жамбыл облысы бойынша 108 сенімді өкіл тіркелгенін және облыс бойынша 459 сайлау учаскесі бар екенін жеткізді.
Құрылған аймақтық штабтың негізгі мүшелері Жамбыл облысындағы кәсіподақ ұйымдарының жетекші қызметкерлері мен кәсіподақ белсендірлері, «Келешек» жастар кеңесінің өкілдері болып табылады. Жиын барысында ұйымдастырылып, атқарылатын іс-шаралар жоспары штаб мүшелерімен пысықталды. Алдағы атқарылатын міндеттер туралы пікір алысты, мақсаттар белгіленді.