Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданында Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының өкілі Таспихов Аманкелді Сатыбалдыұлын қолдау штабы ашылып, өз жұмысын бастады.
Аудан бойынша 6 сенімді өкіл тіркелген. Құрылған штабтың негізгі мүшелері кәсіподақ белсенділері болып табылады. Жиын барысында атқарылатын іс-шаралар жоспары пысықталып, алдағы міндеттер мен мақсаттар белгіленді.