Ақ халатты абзал жандар қолдау көрсетуде

15 мамыр күні Тараз қаласында Жамбыл облыстық қан орталығының мәжіліс залында ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың сенімді өкілдері А. Наурызбаев пен Г.А.Момбекова осы мекеменің ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында аймақтық штаб мүшелері кандидаттың өмірбаянымен, сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарымен және кәсіподақтардың жаңашыл жұмысымен таныстырды.

Сайлауалды тұғырнамада көтерілген еңбекшілердің мүддесін қорғау, еңбек құқығын қамтамасыз ету және жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыру мәселелері медицина қызметкерлерінің көңілінен шықты.

Бұл мекеменің кәсіподақ ұйымы беделді, олар алдағы сайлауға бір кісідей қатыспақ.