Орман және жануарлар дүниесін қорғау қызметкерлерімен кездесу өтті

4 маусымда ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың сенімді өкілі Серік Мырзаханов Сырдария аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі бөлімінің қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында С.Мырзаханов қызметкерлерге кәсіподақтардан ұсынылған кандидат Аманкелді Таспиховтың өмірбаянымен таныстырып, сайлауалды тұғырнамасын түсіндірді. Кәсіподақтардан кандидат ұсынылуының мақсаты жайлы айтып, еңбеккерлердің құқығы мен мүддесін қорғаудағы кәсіподақтар бастамалары жайлы баяндады. Орманшыларды сайлау күні белсенді дауыс беріп, кәсіподақтар кандидатын қолдауға шақырды. Мекеме қызметкерлеріне үгіт насихат парақшалары таратылды.