«Kókshe» телеарнасы, “«БІЗДІҢ КҮШІМІЗ – БІРЛІКТЕ» ФЛЕШ-МОБЫ”

РКС: Бүгінде облыс бойынша жұмыс істеп тұрған 1164 кәсіподақ ұйымда 80 мыңға жуық мүше бар. Олардың 30 пайызға жуығын жастар құрайды. Кәсіподақ мүшелерінің қатарында білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы саласының өкілдері бар. Кәсіподаққа мүше жастар Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының қызметін жандандыру мақсатындағы шаралардың белсенді қатысушылары. Түрлі мамандық иелерінің қатысуымен өткен флеш-моб бүгінде шаһарда дәстүрге айналып келеді.

СНХ: ЫРЫСГҮЛ ЖАСЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫ «КЕЛЕШЕК» ЖАСТАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ/// Бүгін біз белсенді жастармен бірігіп, «Біздің күшіміз – бірлікте» атты флешмоб ұйымдастыруды жөн көрдік. Мұндай шаралар кәсіподақ жастарын біріктіріп, жастардың кәсіподаққа көптеп тартылуына септігін тигізеді. Бүгінгі таңда жастарымыз – Қазақстанның болашағы болып табылады. Өз басым жастар белсенділік танытып, еліміздің дамуына үлес қосып, жастар қозғалысы гүлдене берсе екен деймін.

АЙЖАН АҚТАЕВА