КӘСІПОДАҚ ӨКІЛДЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Мемлекеттік қызметшілер – мемлекеттің тірегі. Ел өмірінің қайнаған ортасында жүріп, мемлекеттік идеология мен саясаттың жүзеге асырылуына үлес қосып отырған мамандардың еңбегі қашан да елеулі.

Мегаполистегі А.Асқаров атындағы дендросаябақта 23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік жиында бірқатар мемлекеттік қызметшілер марапатталып, шенеуніктер арасында жүгіру жарысы өтті.

Кәсіподақ өкілдері бұл шарадан да қалыс қалмай, белсенділік танытты. “Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ” “Келешек жастар кеңесі” мүшелері мемлекеттік қызметкерлерді мерекелерімен құттықтады. Белсенді топ Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахманов бастаған мемлекеттік қызметкерлерді құттықтады. Кәсіподақтың белсенді жастары әртүрлі салада жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.