30 шілдеде «NurOtan» партиясының «Аграрлық сектор» бағытындағы аймақтық комиссиясының отырысы өтті.
Отырыста ауыл шаруашылығы саласының өкілдері, ірі шаруа қожалықтар басшылары, кәсіподақтар, кәсіпкерлер палатасы өкілдері және үкіеттік емес ұйымдар, партия өкілдері қатысты. Отырыс барысында «NurOtan» партиясының «Қазақстан -2021: Бірлік.Тұрақтылық.Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ауыл шаруашылығы саласы мәселелері қаралды.
Күн тәртібіндегі халықтың агроөнеркәсіп саласы бойынша жұмыспен қамтылуы және жұмысшылардың еңбек заңдылығының сақталуы туралы мәселесі бойынша Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Марат Бәйімбетов және ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерінің облыстық кәсіподағы төрағасы Сахы Тұрсынбайұлы өз пікірлерін білдірді.Өз сөзінде Марат Бәйімбетов кәсіподақтар атынан сала жұмыскерлерінің жалақы деңгейлерінің төмендігі мен еңбек қауіпсіздігі жағдайларына алаңдаушылығын жеткізді.