Алматы облысында өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында “Әлеуметтік-еңбек реформалары – кәсіподақтар жұмысының негізгі бағыты” тақырыбында “Алматы облысының кәсіподақтар орталығы ” аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ә. Қыдырманов баспасөз мәслихатын өткізді.
Азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, еңбек жағдайын жақсарту, өмір сүру деңгейін көтеру мен әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ету мақсатында қазіргі таңда кәсіподақтар біршама жұмыстар атқаруда. Үкімет және бизнес өкілдерімен бірлесе заманауи қазақстандық қоғамды қалыптастыра отырып, кәсіподақ жүйесіне оң өзгерістер еніп, жұмыс бағыты жаңа форматта жүргізіле бастағандығы айтылды.