Бүгін “Алматы облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Кеңесте ҚР Кәсіподақтар федерациясын жаңғырту бойынша Жол картасын іске асырылуы қаралды.
Отырыста мекемелердегі еңбек ұжымдарын кәсіподақ қозғалысына тарту, жаңадан бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құру, жұмыс жасап жатқан кәсіптік одақтардың қызметтерін ретке келтіру, кәсіподақтарға сенімділікті арттыру, өзіндік имиджді қалыптастыру, БАҚ-тармен жұмыс, әлеуметтік желілер арқылы жұмысты таныту, түрлі шаралар арқылы беделді көтеру, әлеуметтік әріптестермен меморандумдарға отыру, жұмыскерлердің құқықтарын қорғау бойынша комиссияларда кәсіподақтарды таныту бойынша атқарылған жұмыстар кеңінен талқыланды.