МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ЕСЕП БЕРУ-ҚАЙТА САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

“Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы” Қоғамдық Бірлестігі Маңғыстау облыстық филиалында есеп беру-сайлау конференциясы өтті.

Конференция жұмысына Кеңес мүшелері, әлеуметтік әріптестер және салалық кәсіподақтың төрайымы С.Кеңесқызы, сонымен  қатар,  «Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығы» АКБ төрағасы К.Жаулин  қатысты.

Облыстық салалық кәсіподақ төрағасы Н.Мұхановтың баяндауынша облыс бойынша мәдениет саласы қызметкерлері арасында бірде бір кәсіподақ мүшесі болмаған. 2 жылдың ішінде бұл салалық кәсіподақта 11 бастауыш ұйымы құрылып, оған 729 кәсіподақ мүшелері тартылған.  Еліміздегі ең кеш ұйымдастырылған кенже ұйымның аз уақыт ішінде ұйымдастырған шараларының нәтижесінде салалық кәсіподақтың ішкі мәселелері талқыланып, кәсіподақ белсенділерін жаңа заңнамалар шеңберінде өзгерістерге оқыту және өзге де өзекті мәселелер оң шешімін тапқан.

Маңғыстау облыстық филиалының және оның төрағасы Н.Мұхановтың соңғы жылда атқарған жұмысына жоғары баға берген С. Иманқұлова әріптестеріне салалық кәсіподаққа сенімі мен қолдауы үшін алғыс білдірді. Өз кезегінде конференция делегаттары, кітапханалар, архивтер, мәдениет және спорт мекемелерінің қызметкерлері атынан Салалық кәсіподаққа және филиалға әр түрлі мәселерді шешуде көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.

Сонымен қатар, облыстық Кәсіподақтар орталығының төрағасы К.Жаулин азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, жұмыс жағдайын жақсарту, өмір сүру деңгейін көтеру мен әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ету, қызметкерлердің кәсіби мүдделерін қорғап, қызметкерлер мен жұмыс берушілердің еңбекке байланысты арақатынасын реттейтін заңды және тәуелсіз өкілі ретінде әрі қарай бірігіп нәтижелі жұмыс жасайтынына сенімді екенін жеткізді.

Тексеру комиссиясының және делегаттардың баяндамалырының нәтижелері бойынша облыстық филиалдың жұмысы қанағаттандырарлық деп табылды. Барлық қатысушылар бірауыздан Н.Мұхановтың “Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы” Қоғамдық Бірлестігі Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы лауазымына жаңа мерзімге қайта сайланды