Ардагер ұстаздарға құрмет-қошемет көрсетілді

«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің, салалық кәсіподақтардың аумақтық құрылымдары өкілдерінің Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысында бекітілген «Кәсіподақтар күні» мерекесіне арналған айлық іс-шара жоспарының негізінде Түркістан қаласында «Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы» мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымының» ұйымдастыруымен «Ұстаздар күні» мен «Кәсіподақтар күні» мерекесі аталып өтті.

Іс-шараға облыстағы ардагер ұстаздар, озат және үздік мұғалімдер, мектептер директорлары мен облыстың кәсіподақ активі қатысты.

Ұстаздар мен кәсіподақ активін құттықтауға Түркістан облысының әкімі Шөкеев Өмірзақ Естайұлы қатысып, ұстаздарды атаулы мерекемен құттықтап, озат мұғалімдерді облыс әкімінің «Құрмет грамотасымен» және «Алғыс хатымен» марапаттады.

Сонымен қатар, үздік педагогтарға Түркістан облыстық маслихатының «Алғыс хаттары» тапсырылды.

Мерекеге шақырылған 200 ардагер ұстаздарға арнайы сый-сияпаттар табысталды.

Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалының «Құрмет грамоталарымен» білім саласында жұмыс істейтін кәсіподақ активі марапатталды.

«Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының» басшысы Р.Жолаев және «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымының» төрағасы Б.Еркінбек бірқатар ұстаздарды «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы және облыстық кәсіподақ комитетінің бірлескен «Құрмет грамоталарын» тапсырды.

Елбасының 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауына байланысты, облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы және облыстық кәсіподақ комитеті бірлесіп өткізген «Үздік жас мұғалім» байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаз деп танылған пәндер бойынша 12 жас үздік мұғалімдерге дипломдар мен бағалы сыйлықтарды табысталы.

Салтанатты жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.