4 желтоқсанда Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінде салалық кәсіподақ төрағаларымен жиналыс өтті.
Жиналыста бірлестік төрағасы Серік Сермағамбетов Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясымен еңбек қатынастарын реттеу және жетілдіру бойынша Үкіметке ұсынған ұсыныстары жайлы сөз қозғап, көтерілген мәселелердің өзектілігін атап өтті.
С.Сермағамбетов Ұжымдық шарттарды бекіту көрсеткіштері мен оның сапасына, жұмыскерлердің әлеуметтік-еңбек жағдайлары бойынша қабылданған шараларға зор мән берілуі қажеттілігін айтты.
Облыс көлеміндегі кәсіподақ ұйымдарының жұмыстары барыстары, түйткілді мәселелер, еңбек қауіпсіздігін күшейту бойынша нақты шаралар талқыланып, салалық кәсіподақ төрағаларының пікірлері тыңдалды.