«СНПС –АйДан Мұнай» акционерлік қоғамының жұмыскерлері компания басшылығына бірқатар талаптармен жүгінді. Қызылорда облысында көптеген жылдар бойы жұмыс жасайтын мұнай компаниясында ағымдағы жылы кәсіподақ ұйымдары құрылған болатын. Қазіргі таңда компанияда екі кәсіподақ ұйымдары жұмыс берушімен Ұжымдық шарт жасасу үшін ортақ орган құрып, бірігіп жұмыс атқаруда.
Жұмыскерлердің еңбек ақыны өсіру, мерекелерге арналған сыйақыларды өсіру, еңбеккерлердің әлеуметтік жағдайлары бойынша жәрдемақыларды тағайындау туралы талаптары компания басшылығына жолданып, 10 желтоқсан күні бұл талаптары Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі, салалық кәсіподақ, еңбек инспекциясы мен жергілікті атақарушы орган өкілдері қатысуымен компанияның әкімшілік ғимаратында талқыланды. Аталған талаптар және басқа да еңбек жағдайы, еңбек қауіпсіздігі бойынша сұрақтар талқыланған. Келіссөздер үстелінде тараптар ортақ бірқатар келісімдерге қол жеткізіді.
Соның ішінде сыйақылар көлемдері 10 АЕК тен 20 АЕК-ке көбейді, қосымша жәрдемақылар қосылатын болды және еңбеккерлердің шектеусіз санына сауықтыру-демалу орындарына жұмсалған қаражаттың 50 пайыздық көлемінде жеңілдік қарастырылатын болды.
11 желтоқсанда кеніш басындағы«СНПС –АйДан Мұнай» акционерлік қоғамының вахталық қалашықта кәсіподақтар мен жұмыс беруші арасындағы мәмілеге келген келісім шешімдерін жариялау және жұмыскерлер арасында заңнамалық түсіндірмелер жасау мақсатында жұмыс тобының кездесуі өтті.
Кездесуде аумақтық кәсіподақтар бірлестігі тарапынан кәсіподақ ұйымдарының жұмыстарының заңдық тәртіптерін , жұмыскерлердің еңбек талаптарының компанияда жасалып жатқан Ұжымдық Шартта көрініс тапқандығын атап өтті. Жұмыскерлер аталған мәселелелерде компания басшылығымен келісімдер жүргізген мамандар мен кәсіподақ көшбасшыларына ризалықтарын білдіріп,кәсіпорынның тұрақты қызмет атқару жолында еңбек жасайтындарын жеткізді.