Шымкент қаласы №6 теннис спорт мектебінде Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылыққа қарсы» спорттық іс-шараның ашылу салтанаты өтті.
Аталған спорттық жарысқа «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі қолдау көрсетті.
Салтанатты жиын Берік Айдарбекұлының құттықтау сөзімен ашылды. Егемен Қазақстанның жас буын ұрпақтарына бүгінгі тәуелсіздіктің маңызы мен қадірі туралы баяндады. Сонымен қатар, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, еңселерін көтеріп тастады.
Айта кетсек, бұл жарысқа 70-ке жуық 8-12 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысты. Жеңімпаздарды марапаттау және іс-шараның жабылу салтанаты 2019 жылдың 13 қарашасына жоспарланып отыр.