Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын

13 желтоқсанда Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиынға салалық кәсіподақ төрағалары, жергілікті кәсіподақ ұйымдары, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының белсенділері қатысты.

Ата-бабалар арманы мен аға буынның арымен келген ел тәуелсіздігінің қасиеті мен қадірі шексіз. Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Серік Сермағамбетов жиынға қатысушыларды Тәуелсіздік күнімен құттықтап , егемен елдің дамуы мен өркендеуі жолындағы түрлі саладағы еңбеккерлердің ерен еңбектері мен жұмыс орындарындағы тұрақтылықтың маңызын атап өтті.

Сонымен қатар, облыстық салалық кәсіподақ көшбасшылары сөз сөйлеп, құттықтаулар арнады. Бірқатар кәсіподақ белсенділеріне мерекеге орай Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының, салалық кәсіподақтардың, аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің марапаттары тапсырылды.