Түркістан облысы Мақтарал аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің және аудандық білім бөлімінің бірлесе ұйымдастыруымен Мақтарал мәдениет үйінде «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай «Тәуелсіз елім – Қазақстаным» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.
Мерекелік шара барысында Мақтарал ауданының әкімі Б.Асанов, Мақтарал аудандық қоғамдық кеңесінің және Мақтарал аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы С.Мелдеханов, Мақтарал ауданы білім бөлімінің басшысы М.Серікбаев және Мақтарал ауданы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов барша білім саласының қызметкерлерін мерекемен құттықтап, 2019-2020 оқу жылы барысында жақсы жетістікке жеткен білім саласының қызметкерлерін аудан әкімінің «Құрмет грамоталарымен», «Алғыс хаттарымен» және кәсіподақ белсенділерін «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Төс белгілерімен, «Құрмет грамоталарымен» және «Алғыс хаттарымен» марапаттады.
Мерекелік шараның соңы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.