Кәсіподақ мүшелерімен кездесті

Кәсіподақ мүшелерін сауықтыру шаралары Алматы облысында тұрақты жүргізіліп келеді. Оның дәлелі ретінде ағымдағы жылдың 2-8 қаңтар аралығында «Жаркент-Арасан» сауықтыру шипажайында ұйымдастырылған шараны айтуға болады. Облыстық ұйым, аудандық, қалалық филиалдардың ұйытқы болуымен 90 кәсіподақ мүшесіне жолдама берілді.

Бүгін аталған сауықтыру орынында демалушылармен кездесу өтті. Оған облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Садық Әбдіқадыров, Панфилов аудандық білім бөлімінің басшысы Тұрар Бақышұлы, аудандық, қалалық филиалдардың төрағалары қатысты.

Кездесу барысында облыстық кәсіподақ төрағасы Садық Нұрсапаұлы «Педагог мәртебесі туралы» Заңының қабылдануымен құттықтап, ұстаздарға Заңның тиімді жақтарын түсіндіріп, алдағы уақытта мұғалімдердің мәртебесінің көтерілетініне сенім білдірді.

Ал, аудандық білім бөлімінің басшысы Тұрар Қастеев аудан көлемінде педагогтарға жасалып жатқан жақсылықтарды тізбелеп, барша ұстаздарды Заңның қабылдануымен құттықтады.

Бірқатар кәсіподақ белсенділері өздерінің қуаныштарымен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтса, аудандық мәдениет үйінің әншілері көпшілікке концерт қойып, көңілдерін көтерді.