Қызылордада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Н.В. Жұмаділдаеваның қатысуымен жиын өтті.
Жиынға аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Серік Сермағамбетов, қоғамдық кеңес мүшелері, облыстық салалық кәсіподақ төрағалары, қоғам белсенділері қатысты. Жиын барысында Н.Жұмаділдаева әлеуметтік саладағы мемлекеттік бағдарламалар бойынша, оның ішінде «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы, «Мұғалім мәртебесі» заңы туралы сөз қозғады.
Жиынға қатысушылар жыл басынан күшіне енген жаңа заңдар және халықтың әл-аухатын көтеруге бағытталған өзекті мәселелерді шешудегі қажетті заңнамалық өзгерістер туралы ой-пікірлерін ортаға салды.