Қауіпсіз орта – адам өмірінің кепілі

«Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы ұйымының қызметкерлері Шардара аудандық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесе халық көп шоғырланатын жерлерде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Түсіндіру жұмыстары барысында кәсіподақтар адамдардың бір-бірінен ара-қашықтығын сақтауын және коронавирус инфекциясын жұқтырып алмау жолдарын айтты. Өз кезегінде, кәсіподақ қызметкерлері мемлекеттік мекемелердің санитарлық-гигиеналық құралдармен жабдықталуын басты назарда ұстайды. Мәселен, аудан орталығындағы ҚазПоштаға 42500 теңге әлеуметтік көмек алу бойынша келушілер саны басым болды. Мекеме толығымен дезинфекциялық құралдармен жабдықталған. Келушілердің ара-қашықтығын сақтау үшін де орындықтар арасы алшақтатылған. Таң атысынан кештің батысына дейін түсіндіру жұмыстарын жүргізген кәсіподақтар алдағы уақытта да басқа да мекемелерде халықты ақпараттандыру жұмыстарын жалғастырмақ.