Қашықтықтан оқыту қазірде жаңа мүмкіндіктерге жол ашты

Ұстаздармен қатар оқушыларымыз да түрлі республикалық, халықаралық дәрежедегі білім байқауларынан орын алып, бізді қуантуда, деп ойымен бөлісті тәжірибелі маман.
Бүгін біз «Мамандыққа адалдық» айдарында еңбек жолын қарапайым мұғалімдіктен бастап, еңбекқорлығы мен іскерлігі арқасында Ақтөбе қаласындағы 47 жалпы білім беретін орта мектебінің директоры болып еңбек етіп жүрген, мыңдаған шәкірт жүрегіне жол таба білген ұстаз Тазагүл Абдиева туралы ой бөліспекпіз.
Тазагүл Отарбайқызы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университтетінің түлегі.Еңбек жолын Ақтөбе облысының Шалқар ауданында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2014 жылдан бері №47жалпы білім беретін орта мектебінің басшысы қызметін атқарып келеді.Қазіргі уақытта мұғалім еңбегін саралау, бағалау өте жоғары деңгейде қолға алынды. Уақыт талабын сай мектеп мұғалімдері жаңаша әдістемелермен жұмыс жасап, балалардың бойындағы қабілет-қарымын одан әрі ұштап келеді.Осы орайда замануи жаңа талапқа сай жұмыс жасау мұғалімдермен қатар, мектеп директорларына да үлкен жауапкершілік жүктейді.
« Мектепте ұжымдағы өзара ауызбірлік пен ынтымақты қалыптастыру, адамдармен тіл табысып, жұмыс жасау, оларға жан-жақты қолдау көрсету, ұйымдастырушылық қабілетпен қатар адамгершілік ұстанымдар да талап етеді. Біздің мектепте үлкендер жастарға қамқор болып, білгендерін үйретеді.Еріктілер тобы жұмыс жасайды. Көптеген игі бастамларға үлес қосамыз. Жуырда еліміздегі COVID-19 алдын алу шараларына орай «Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, 7 аз қамтылған отбасыға азық-түлік пакеттерін тапсырдық. Біз үнемі қайырымдылық шараларын ұйымдастырып тұрамыз. Мектебімізде үлкендер мен жастар арасында ұрпақтар сабқтастығы сақталған. Тәлімгерлік жұмыстары да жүйелі жолға қойылған »-дейді Тазагүл Отарбайқызы.
Мектебіміз елдегі төтенше жағдай тәртібіне сай енгізіген қашықтықтан оқтыу әдісін ұтымды игерді. Мұғалімдеріміз әр ата-ана ,оқушымен жеке және кері байланыс жасап, олардың оқу үлгерімдеріне баса назар аударып отыр. Қашықтықтан оқыту қазірде жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Ұстаздармен қатар оқушыларымыз да түрлі республикалық, халықаралық дәрежедегі білім байқауларынан орын алып, бізді қуантуда, деп ойымен бөлісті тәжірибелі маман.
Тазагүл Отарбайқызы үнемі білімін жетілдіріп, үнемі ізденіс үстінде. Жуырда «Дарын-онлайн» білім беру орталығы ұйымдастырған І Республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасынан І дәрежелі диплом және Республикалық қашықтықтан Қазақ тілі пәнінен ұйымдастырған онлайн олимпиадасынан ІІІ дәрежелі диплом иеленді.

Мектепте бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмыс жасайды. Жетекшісі Айнаш Түменова үнемі кәісподақ мүшелерінің жағдайына алаңдап, олардың тілек-өтініштеріне құлақ асып, уақытында әрқайсысына қолдан келген көмегін көрсетіп келеді.