Өз ісінің үздіктері марапатталды

Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету салалық кәсіподағының Алматы қалалық филиалының мерекелер тізбесінде үстіміздегі жылдан бері жаңа бір мерейлі мереке «Мәдениет және өнер қызметкерлері» күні аталып өтілуде.

2020 жылдың 25 мамыры күні Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық оркестрі-бастауыш кәсіподақ ұйымында,санитарлық нормаларды сақтай отырып Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету салалық кәсіподағының Алматы қалалық филиалының төрайымы Данагүл Айнақұлова марапаттау рәсімін өткізді.

Салалық кәсіподақтың үздік қызметкері төс белгісі – 36 жылдық еңбек өтілі бар Мазова Ляйля Құдайбергенқызына; Салалық кәсіподақтың Құрмет грамотасы – 28 жылдық еңбек өтілі бар Сенбиева Гүлбахыт Сапарханқызы; Алматы қаласы әкімдігінің грамотасымен – бастауыш кәсіподақ төрағасы Хамзин Бейбарыс; Алмалы ауданы әкімінің алғыс хатымен – Битешов Рафаэль,Бекбергенова Қарлығаш марапатталды.

Сонымен қатар, 51 жылдық еңбек өтілі бар кәсіподақ мүшесі, Еңбек ардагері Канапиянов Сейтмуханбет «Щучинск» санаторийіне 10 күнге тегін жолдамамен марапатталды.

Төтенше жағдайында Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік оркестрі әртістері 20-дан астам онлайн концерт өткізді. Өнер сүйер қауымға көптеген көңілді әсер қалдырған әлемге қазақ ұлттық өнерін жеткізген ұжым қандай да болсын құрметке лайық!