Төтенше жағдайда қызметкерлеріне қолдау білдірген «АлЭС» АҚ

«АлЭС» АҚ басшылығы келісімімен «АлЭС» кәсіподақ» филиалы «Энергия» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Алматы облысының аумағында тұратын «АлЭС» АҚ қызметкерлері үшін Алматы қаласынан тұрғын үй жалдау бойынша жұмысты өз жауапкершілігіне алды.

2020 жылдың 18 наурызынан 16 мамырға дейін 211 қызметкерге, оның ішінде ЖЭС-1, ЖЭС-2, Батыс жылу кешені, “Энергоремонт” өндірістік-жөндеу кәсіпорны, отынды қабылдау және түсіру орталығы және «АлЭС» АҚ бас кеңсе қызметкерлеріне пәтер жалданған болатын. Тұрғын үйді жалға берушілермен жалпы саны 200-ден астам келісім шарт жасалып 17, 2 млн қаржы жұмсалды. Бұл қаржыны жұмыс беруші «АлЭС» кәсіподақ» филиалы «Энергия» жергілікті кәсіподақ» қоғамдық бірлестігінің есепшотына аударды.

Қалада карантин жарияланған уақытта қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын бірқалыпты еткені үшін «АлЭС» кәсіподағы» филиалы «Энергия» жергілікті кәсіподағы» ҚБ кәсіподақ мүшелері атынан «АлЭС» АҚ Басқарма төрағасы Н.Т. Мухамед-Рахимовқа өз алғыстарын білдіреді.