Игі істер жалғасын табуда

Қарағанды облысының Кәсіподақ Орталығы жанындағы «Келешек» Жастар кеңесі Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жанындағы «Kazakhstan En’bek Adamy» корпоративтік қоры бастамашы болған «QAMQOR QAZAQSTAN» әлеуметтік жобасын іске асыру жалғасуда.

Жобаның бас демеушісі – «Транстелеком» акционерлік қоғамы.  Аталған акцияны Қарағанды облысының аймақтық салалық, жергілікті кәсіподақтары белсенді түрде қолдап отыр. Кәсіподақ өкілдері  әлеуметтік аз қамтылған қазақстандық отбасыларға азық-түлік жиынтығын тұрғылықты жерлеріне жеткізіп,табыс етті.

БІРГЕ – БІЗ МЫҚТЫМЫЗ! #ҚРКФ #Қарағанды #QamqorQazaqstan #Келешек #ТТС #КЕА #БізБіргеміз !