Күзгі бақтың мәуесі

 «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Созақ аудандық комитетінің төрағасы Мыңжасар Асқаровтың “Күзгі бақтың мәуесі” атты жаңа кітабы жарық көрді.

Мыңжасар Асқарұлы  “Түркістан облысы, Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігіне арнайы келді. Ол жаңа кітабын  «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі  Түркістан облыстық филиалының төрайымы Күлдар Есебаеваға тарту етті.

Өз кезегінде, кәсіподақ қызметкерлері Мыңжасар Асқарұлын жарық көрген жаңа туындысымен құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі.