Қызылжар жастары қайырымдылық шарасына үлес қосты

Солтүстік Қазақстан өңірінде «QAMQOR QAZAQSTAN» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру мақсатында еріктілер жұмысын ұйымдастыру, жастарға кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізу бағыттарында түсініктеме жұмыстар жүргізілді.

Айта кетсек, бұл жоба Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «КЕА» (Kazakhstan En’bek Adamy) Корпоративтік қоры бастамасымен, «Транстелеком» АҚ демеушілік қолдауымен жүзеге асуда.

Петропавл қаласында еріктілер қызметін ұйымдастыру аясында СҚО Кәсіподақ орталығы «Келешек» Жастар кеңесінің отырысында еріктілердің атқаратын жұмыстары, мақсаттары, міндеттері жайлы толыққанды ақпарат бере отырып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Еріктілер «Солтүстік Қазақстан университетінің кәсіподақтығы» ЖҚБ мүшелері қатысты. «QAMQOR QAZAQSTAN» әлеуметтік жобасына қолдау көрсетіп, мұқтаж жандарға көмек көрсету жұмысын ұйымдастыруға кірісті.