Әлеуметтік әріптестік аясында  мүдделер тепе-теңдігін қамтамасыз ету

Бүгін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының орталық  кеңсесінде  Қазақстан Республикасының Үкіметі,  жұмысшылардың республикалық бірлестіктері  және республикалық жұмыс берушілер бірлестіктері арасындағы 2021 – 2023 жылдарға арналған Бас келісімді бірлесіп дайындау бойынша Республикалық кәсіподақ бірлестіктері жұмыс тобының екінші отырысы өтті.

ҚРКФ төрағасының орынбасары Гүлнар Жұмагелдиева  модераторлық еткен отырысқа  Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының, «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар қауымдастығының және Қазақстан еңбек Конфедерациясының өкілдері қатысты.

Бұған дейін өткен отырыстың қорытындылары  бойынша қатысушылар Бас келісім жобасының құрылымы мен мазмұнын анықтады.

Жұмыстың жалғасы бойынша  екінші отырыстың күн тәртібінде құжаттың бірінші бөлімі – «Әлеуметтік әріптестік» талқылануы қарастырылған.Сонымен, қатысушыларға  Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы әзірлеген ұсыныстар және «Аманат» Қазақстан кәсіподақтары қауымдастығы мен Қазақстан еңбек Конфедерациясының  біріктірілген ұсыныстарын қарау  ұсынылды.

Жиналысқа қатысушыларды ҚРКФ  бастамасымен таныстыра отырып, Гүлнара Жұмагелдиева Кәсіподақтар федерациясы барлық республикалық кәсіподақ бірлестіктерінің ұстанымдарының тең дәрежеде қаралуы мен келісілуіне, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманың әлеуетін дұрыс қолдануға баса назар аударғанын атап өтті.

Осылайша, «Әлеуметтік  әріптестік» бөлімінде Кәсіподақтар федерациясы әлеуметтік әріптестік  жүйесіндегі кәсіподақтардың рөлін күшейтуге, сондай-ақ Республикалық үшжақты комиссияның (РҮК) тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар нормаларды ұсынды.

Кәсіподақ ұйымдарының еңбек нарығына қатысты мәселелерді шешуге белсенді қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстардың жеке блогы  арналды. Онда әлеуметтік және еңбек мәселелері бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеуге кәсіподақтардың міндетті қатысуы туралы талаптардың жобасына, Үкімет отырыстарына, сондай-ақ  еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсарту жөніндегі жыл сайынғы есептерді дайындау процесіне енгізу туралы айтылған.

«Аманат» РКҚ және Қазақстан Еңбек Конфедерациясының шоғырландырылған ұсыныстарының пакеті, сонымен қатар, Еңбек адамының құқықтары мен мүдделерін қорғауда кәсіподақтар қозғалысының позициясын нығайту, әлеуметтік диалогты нығайту бойынша негізгі нормаларды  Бас келісімінің жобасына енгізуді қарастырады.

Сонымен қатар,тараптар атап өткендей,  жаңа құжаттың нормалары бойынша жұмыстағы маңызды аспект – тұжырымдаманың нақтылығы мен ерекшелігі.

Талқылау барысында жұмыс тобының мүшелері «Әлеуметтік әріптестік» бөлімінде  РКБ-нің прогрессивті ұсыныстарын біріктіруге шешім қабылдады.Сонымен бірге, жұмыс тобының мүшелері құжат жобасындағы жұмыстың негізгі міндеттері Бас келісімнің мәртебесін нығайту, сондай-ақ еңбек заңнамасын тиімді іске асыру бойынша РКБ бірыңғай ұстанымдарын әзірлеу болып табылатындығын айқындады.

Кездесуге қатысушылар еліміздің кәсіподақ бірлестіктерінің бірлігі мен сындарлы диалогы әлеуметтік және еңбек қатынастарын республикалық ауқымда реттеудің тиімді нормаларын жасауға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.12 маусымға жоспарланған жұмыс тобының келесі отырысы  құжаттың екінші «Экономикалық саясат»  бөліміне арналады.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының баспасөз қызметі