Нұр-Сұлтан қаласында «Салауатты жұмыс орындары» бағдарламасы бекітілді

 

 Бүгін елорда әкімдігінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтің төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның отырысы өтті.

Нұр-Сұлтан қаласының кәсіподақтар орталығының өкілдері Төлеген Күнәділов пен Бақытжан Есжанов комиссия мүшелерін “Салауатты жұмыс орындары” бағдарламасының тұжырымдамасы туралы хабардар етті. Бұл бағдарлама қызметкерлердің денсаулығын сақтауға және нығайтуға мүмкіндік береді, жұмыс орнында қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға және еңбек өнімділігін арттыруға ықпал етеді. Өйткені, салауатты жұмыс орны – қызметкерлердің денсаулығын сақтау мен нығайтуда, барлық жұмысшылардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын жақсартуда, жұмыс орнын жетілдіруге ықпал ететін орын.

ДДСҰ-ның бағалауы бойынша мемлекеттің жұқпалы емес аурулардың негізгі төрт тобын (жүрек-тамыр, онкологиялық, созылмалы респираторлық аурулар және қант диабеті) емдеуге жұмсайтын шығыны 0,3 трлн. теңге, уақытша еңбекке жарамсыздық пен мезгілсіз өлім салдарынан экономикаға қосымша шығындар 2 трлн. теңгені құрады. Сондықтан, 15 жылдық кезеңде халықтың дене белсенділігі деңгейін арттыруға бағытталған шаралар 5 505 инсульт, 4 863 жүректің ишемиялық ауруы, 58 397 мезгілінен бұрын өлімнің алдын алады және 136 601 жылды салауатты өмірге қосады.

Сонымен бірге, халықтың дене белсенділігінің деңгейін жоғарылатуға бағытталған шаралар инвестициялардан жоғары қайтарымға ие: шаралар кешеніне салынған әрбір 1 теңге үшін алғашқы 5 жылда 10,7 теңге және 15 жылда 33,8 теңге алады деп күтілуде.

Салауатты жұмыс орындары” бағдарламасы халықтың денсаулығына, елорданың және елдің экономикалық дамуына қауіпті төмендетуге  бағытталған.

Бағдарламаның нысаналы индикаторларына сәйкес, 2022 жылға қарай дене шынықтыру және спорт ұжымдарын құрған және өндірістік гимнастиканы жұмыс күні режиміне енгізген кәсіпорындар мен ұйымдардың үлесін 100% – ға дейін ұлғайту; ауыр және өліммен аяқталған өндірістік жарақаттану деңгейін 50% – ға дейін төмендету күтілуде.

“Салауатты жұмыс орындары” бағдарламасын енгізудің тиімді нәтижелері: ауру деңгейін төмендету; өлім деңгейін қысқарту; медициналық көмекке және мүгедектікке байланысты шығыстарды азайту, өндірістегі жарақаттану мен жазатайым оқиғаларды төмендету; еңбекке жарамсыздық демалысын қысқарту медициналық сақтандыруға арналған шығыстардың азаюы; еңбек өнімділігін арттыру; жұмыс сапасын және командалық рухты жақсарту болып табылады.