БҚО-да 50-ден астам оқушы «Мамандық таңдау» тақырыбында кеңес алды

Ағымдағы жылдың 16 маусым күні KEA (Kazakhstan Eńbek Adamy) корпаративтік қорының бастамасымен еліміздің барлық аймағында жүзеге асырылып жатқан «Qamqor Qazaqstan» әлеуметтік жастар жобасы аясында Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығы жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы «Мамандық таңдау» тақырыбы аясында ақпараттық-диалогтық онлайн кездесу өткізілді. Батыс Қазақстан облысы бойынша онлайн кездесуге 60-тан астам оқушы қатысуға ниет білдірді. Солардың ішінде 51 оқушы (9-10-11 сынып) ZOOM бағдарламасына тіркеліп, қатыса алды. Қатысқан оқушылардың 87%-ы Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Сырым, Қаратөбе аударының және шағын ауылдардың мектептерінен болды. Онлайн форматындағы кездесуге Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың 2 курс магистрі Н.Талапова, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Логистика» мамандығының 2 курс студенті С.Латифов, Қазақ Ұлттық өнер академиясының 1 курс студенті А.Тастанова, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың «Екі шет тілі екі» мамандығының 2020 жылғы түлегі, «Work & Travel» бағдарламасы бойынша АҚШ елдерінде тәжірибе алмасып келген студент М.Саламатова спикер ретінде қатысып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. БҚО «Келешек» жастар кеңесінің төрайымы А.Шайқы биылғы жылғы мектеп түлектеріне «Ұлттық бірыңғай тестілеудегі соңғы өзгерістер» және «Мен Студент болғанда» тақырыптары аясында баяндама жасады.

“БҚО Кәсіподақтар Орталығы” АКБ