Кәсіподақ мамандарына «Карантиндегі психология» жобасы аясында кеңес берілді

 

«Батыс Қазақстан облысы кәсіподақтар орталығы» АКБ-і жанындағы «Келешек» жастар ісі жөніндегі кеңестің ұйымдастыруымен ZOOM платформасында кәсіподақ жастары мен мамандары үшін Қазақстан психологтар одағының мүшесі, кәсіби психолог –Альфия Науановамен онлайн кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында кәсіподақ мамандарына кәсіби маманнан «Карантиндегі дағдарыс», «Жұмыстағы күйзеліс» тақырыптарында тегін кеңестер беріліп, түрлі проблемалардан құтылу жолдары түсіндірілді. Аталған шараға кәсіподақ орталығының, салалық, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мамандары, мұғалімдер, дәрігерлер, заңгерлер және «Келешек» жастары қатысты. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде шараның өтетіні туралы жарияланған хабарландырулар арқылы қатысуға ниет білдірген басқа да өңірлердің мамандары болды. Бір жарым сағатқа созылған кездесу жоғары деңгейде өтті, қатысушылар осы бағыттағы шаралардың көптеп ұйымдастырылуы туралы ұсыныстарын жеткізді.

“БҚО Кәсіподақтар оралығы” АКБ