Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының мүшелік ұйымдарының өкілдері «Nur Otan» партиясының хатшысы Әлібек Әлденеймен бейнеконференция арқылы алда өткізілетін праймеризді талқылады.
Кездесу барысында праймеризді ұйымдастыруға қатысты мәселелер мен кәсіподақ мүшелерінің республикалық және облыстық деңгейдегі партиялық сайлауға қатысу тәртібі талқыланды.
Өз кезегінде Әлібек Әлденей «Nur Otan» партиясы сайлауының негізгі қағидаттары ашық және транспаренттілік пен үміткерлерді әділ бәсекелестік негізінде таңдау болып табылатындығын атап өтті.
«Праймеризді енгізу – бұл партияның қоғамның жаңа сұраныстарына жауап беруге тырысуы мен барлық өкілетті органдардағы жаңару әрекеті.
Бұл бәсеке бізге ең білікті адамдарды таңдауға мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар жаңа идеялар, көзқарастар мен жобаларды іріктеп алуға мүмкіндік береді. Қазіргі сайлау пропорционалды жүйеде өтеді. Яғни әр сайлау учаскелері өздерінің сайлауалды бағдарламаларын ұсынуы керек. Бұл өңірлердегі өзекті мәселелерді айқындап және оның шешу жолдарын көрсетіп береді», – деді «Nur Otan» партиясының хатшысы.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев праймеризге қатысқалы отырған кәсіподақ мүшелерінің жиі қоятын сұрақтарын жеткізді. Атап айтқанда, сайлаудың шарттары мен кезеңдері, сайлаушылармен кездесулер және дауыс беру тәртібі, сондай-ақ дауыс беруді есептеу жүйесін талқылады.
Кәсіподақтардың сайлауға қатысуы туралы айта отырып, ҚРКФ Төрағасының орынбасары мемлекеттік басқарудың барлық деңгейіндегі әлеуметтік және еңбек мәселелерін шешуде кәсіподақ позицияларын нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
«Біз әлеуметтік әріптестік кәсіподақтар үшін сөз жүзінде ғана емес, сонымен бірге іс жүзіндегі жүзеге асырылғанын қалаймыз. Сондықтан біз осы сайлау процестеріне қатысамыз», – деп атап өтті Нұрлан Өтешев.
Естеріңізге сала кетейік, республикалық партияішілік сайлау 2020 жылдың 17-і тамызынан 3-і қазанына дейін өтеді. Праймериздің басты мақсаты – партиялық тізімдерді бәсекелестік және ашықтық негізінде қалыптастыру.
Кәсіподақтар федерациясы Қазақстандағы ең үлкен жұмысшылар бірлестігі ретінде партияішілік праймеризге белсенді қатысуға және өз кандидатураларын кәсіподақ көшбасшыларының арасынан алдағы Мәжіліс пен Мәслихаттар сайлауларына партиялық тізімге енгізуге шешім қабылдады.
Кәсіподақтар федерациясы және «Nur Otan» партиясының әріптестігі бірлескен іс-қимылдар мен ынтымақтастықты үйлестіру мақсатында соның ішінде праймеризді өткізу мәселелері бойынша қол қойылған Өзара түсіністік туралы меморандум аясында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының баспасөз қызметі