ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасына Халықаралық Кәсіподақтар Конфедерациясының Бас Хатшысы атынан құттықтау хат келді.
Атап айтқанда, Бас Хатшы ХКК атынан Сатыбалды Дәулеталинді XXVI съезде ҚРКФ төрағасы лауазымына сайлануымен құттықтады.
«Біз басқа мәселелермен қатар ең төменгі жалақыны көтеру, әділетті зейнетақы жүйесін және қауіпсіз жұмыс орындарын енгізу туралы ХЕҰ-ның 102, 131, 154, 159, 189 және 190 конвенцияларын ратификациялауға деген ұмтылысты, сонымен қатар біз толығымен қуаттайтын кәсіподақтың басқа басымдықтарын қамтитын бағдарламалық құжат үшін ризашылығымызды білдіреміз. Бұл мәселелерде біздің қолдауымызға сенімді болыңыздар» делінген құттықтау хатта.
Бұған қоса, Шаран Барроу ХКК пен ҚРКФ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екендіктерін жеткізді.