Кәсіподақ бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерін онлайн форматта марапаттады

Еліміздегі ең ұлық мерекеде ақтөбелік ұстаздар облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының құрметіне бөленді.

«Кəсіподақ: тұрақты қолдау, тұрақты құрмет» атты дәстүрлі шара аясында онлайн форматында салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Білім беру жүйесіндегі жемісті еңбегі, педагогикалық шеберлігі және жаңартылған білім беру технологияларын дамытудағы шығармашылық жетістіктері үшін 51 мұғалім облыстық білім қызметкерлерінің кәсіподағы мен білім басқармасының алғыс хатына ие болып, сыйақымен марапатталды.

Үздік ұстаздарды салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Ақтөбе облыстық ұйымының төрайымы Раушан Серікова Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жұмыстарына жеміс тіледі.