ОБСЕ өкілдерімен кездесу өтті

Елімізде келесі жылдың 10 қаңтар күні Парламент Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы өтетіні белгілі. Соған орай ОБСЕ-нің бақылаушылары Бен Джонс пен Сара Маццали Атырау облыстық Кәсіподақтар үйінде облыстық бірлестік пен салалық кәсіподақтың өкілдерімен кездесті.

Кездесуде шетелдік меймандар парламенттік сайлаудың ерекшеліктері, кәсіподақ мүшелерінің қоғамдық-саяси өмірге қатысуы, саяси партияларға көзқарастары, үгіт-насихат жұмыстарының жүргізілуіне және т.б. төңірігінде сұрақтарға жауап алды. Өз кезегінде сөз алған кәсіподақтың жетекшілері Е.Ұзақбай, Қ.Сүндетұлы аталмыш сайлаудың әр кәсіподақ мүшесі үшін маңызды екеніне тоқталып, жауапкершілікпен қатысатындығын атап өтті.