656 маман еңбекті қорғау және өнеркәсіп қауіпсіздігі бойынша оқытылды

2021 жылдың қаңтар-ақпан айлары ішінде кәсіпорын қызметкерлері бөлімшелер мен учаскелер және цехтар бойынша кестеге сәйкес, еңбекті қорғау және өнеркәсіп қауіпсіздігі бойынша оқытудан және нұсқаулықпен білімдерін тексеруден өтті.

Емтихан қорытындысында қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау бойынша 53 – Абоненттік келісім-шарт бөлімі, 10 – Ішкі әкімшілендіру бөлімі, 31 – Су тазалау құрылыстары, 26 – Жерасты сутартқысы, 14 – №1 су құбыры желілері мен құрылыстарын пайдалану учаскесі, 15 – №2 су құбыры желілері мен құрылыстарын пайдалану учаскесі, 23 – №3 су құбыры желілері мен құрылыстарын пайдалану учаскесі, 34 – №4 су құбыры желілері мен құрылыстарын пайдалану учаскесі, 19 – №5 су құбыры желілері мен құрылыстарын пайдалану учаскесі, 23 – Бас энергетик қызметі, 165 – Кәріздік сорғы стансалары, 36 – Кәріздік-тазалау құрылыстары, 19 – Кәріз желілері, 34 – Механикалық-жөндеу цехы, 19 – Орталық диспетчерлік қызметі, 11 – Құрылыс-жөндеу цехы, 105 – Көлік цехы, 16 – Сынақ зертханасы, 3- Орталық қоймасы оқытудан өтіп, куәлік алды.

Яғни, жалпы саны – 656 маман екі айлық оқуға белсенді қатысып, сәтті аяқтады.