«ҚЫЗМЕТ» салалық кәсіподағының құрамы толығуда

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының бастауыш кәсіподақ ұйымы «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының құрамына кірді.

Бастауыш кәсіподақ ұйымына 17 адам мүше болып кірді. Оның кәсіподақ комитетінің мүшелері болып 3 адам: Жанат Жұмабекқызы, Гүлсім Жанатбекқызы, Сұлтанғали Көлбайұлы, ал комитет төрайымы болып Жанат Жұмабекқызы сайланды.

Сонымен бірге тексеру комиссиясының мүшелері болып 3 адам: Динара Айболқызы, Нұргүл Пернебекқызы, Серік Нұрмаханұлы, ал тексеру комиссиясының төрағасы (төрайымы) болып Динара Айболқызы сайланды.

Сондай-ақ, мекеменің жұмыс берушісі – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы Әбдібақыт Тілләбайұлы және мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымының атынан кәсіподақ ұйымының немесе кәсіподақ комитетінің төрағасы (төрайымы) Жанат Жұмабекқызы арасында жасалған Ұжымдық шарт бекітіліп, толығымен қабылданды.

Бекітілген ұжымдық шарт Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына тіркеуге жолданды.

Өз кезегінде «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов және мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Ж.Тайбек арасында өзара қырым-қатынастар жөніндегі келісім-шартқа қол қойды