БҚО салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы «Бастауыш кәсіподақ ұйымы» жылына белсенді атсалысуды көздейді

Ағымдағы жылдың 3 наурыз күні «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облыстық филиалының Атқару комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынның күн тәртібінде «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ БҚО филиалының 2020 жылда атқарылған жұмыс қорытындылары айтылып, 2021 жылда бастау алып жатқан жұмыс жоспарына баға берілді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан бірқатар шараларға белсенді атсалысу тапсырмалары жүктелді. Соның ішінде, «Бастауыш кәсіподақ ұйымы» жылында жүзеге асырылатын іс-шаралар жоспары талқыланды. Өз кезегінде бірлестік төрағасы Айдар Батырханов мәдениет саласындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарын ауызбіршілікке шақырып, белсенділік ұстанымын насихаттады.

Өз сөзінде ол:
– «Белсенділік, жан-жақтылық, жасампаздық деген қасиеттер қазіргі қоғамға қажет-ақ. Әсіресе, еңбек ұжымында, еңбек қарым-қатынасында бұл қасиеттердің алар орны ерекше. Бүгінгі іс-шаралар мен жұмысымыздың көп бөлігі ұжымдағы бірлікті сақтауға, еңбек адамының уайымсыз қызмет етуіне жағдай жасауға бағытталады. Ал, бұл дағдылармен жұмыстану – мәдениет саласында қызмет ететін мамандар үшін ешқандай қиындық туғызбайтыны анық. Сондықтан, барлығыңызды кәсіподақ бастамаларына белсенді қатысуға шақырамын», – деді.

#КәсіподақҚз
#БКҰ21