Өз ісінің шеберлері марапатталды

Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінде 2021 жылдың 1 наурыз күні музейдің 100 жылдығы аясында «Жүз бірінші жыл жаңаруға бастасын» атты іс-шара өтті.

Іс-шара мақсаты – қасиетті жердің беделін биіктетіп, абыройын асқақтатып жүрген қызметкерлерді марапаттау, жасап жатқан еңбектеріне алғыс білдіру.

Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі – аймақтағы өзіндік мол тарихы бар ірі мәдени-ағарту мекемелерінің бірі. Облыстың тәжірибелік орталығы саналатын музей экспозициясы – келушілердің, әсіресе жастардың аса қызығушылықпен тамашалайтын көрінісі. Аталмыш музейдің негізі 1920 жылы қаланған. 100 жылдан астам тарихы бар музейде 110 мыңнан астам жәдігер жинақталған.

Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, жазушылар, БАҚ өкілдері, музей мамандары қатысты. Іс-шара барысында музей мамандары мен сала ардагерлеріне марапаттар тапсырылды. Айгүл Төлендиева, Сара Жылқыбаева«Нұр Отан» партиясынан, Зәуре Қолдасбекова, Ердос Қонысов, Айгүл Жолбасхан, Мұхтар Жалдыкараев, Майра Бердіқұлова Мәдениет басқармасының Алғыс хатымен, Рыскул Бекталиева, Ләззат Алибаева, Жанар Уркинбаева, Бану Жылқыбаева«Анаға тағзым» атты медалімен,  Гүлназ Шекербекова, Мадина Кенжекулова, Бағила Менбаева, Элбек Турсынов, Айнұр ҚыдырбаеваТүркістан облыстық кәсіподақ ұйымының Алғыс хатымен, Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі Нұрсұлтан Ахилбеков, Али Советов, Құндызай Ақжігітова, Гүлжан Беркінбаева, Аида Рысбекқызы, Гүлжан Ибадуллаева, Ақсүмбе Бостан, Айгүл Жүсіпова,  Сәден Отаров, Меруерт Алимбекова, Бибігүл Тойшыбекова, Ажар Есжанова, Шолпан Тойшыбекова, Сәуле Абдрахметова, Зауырбекова Несібелі Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің Алғыс хатымен марапатталды.