Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясымен белгіленген «Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы» шеңберінде бүгін Түркістан облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасының орынбасары Данияр Кирбасов, «Түркістан облысының автомобиль көлігі және жол мекемелері жергілікті кәсіподағының» төрағасы Али Мамедов Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақсу ауылында орналасқан «ЯНС» ЖШС ұжымымен кездесті.
Төраға орынбасары Д. Кирбасов қызметкерлердің хал-жағдайы және әлеуметтік жағдайымен танысып, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселелерін тілге тиек етті. Сондай-ақ кәсіподақ ұйымдары қызметкерлердің еңбек қатынастарында, жалақының мөлшеріне және уақытылы берілуіне, тағы басқа туындаған мәселелерін шешудегі рөлін түсіндірді.
Кәсіпорындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында еңбекті қорғау инспекторларының құқықтары мен өкілеттіктері туралы айтты.
Кездесу соңында қызметкерлермен пікір алмасып, қойылған сұрақтарға жауап беріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
#kasipodaqkz
#БКҰ21