«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында

2021 жылы 30 наурыз күні «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ-нің Түркістан облысы Мақтаарал аудандық филиалының Атқару комитетінің кеңейтілген отырысы өтті.

Жиынға Мақтаарал аудандық комитетке қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымдарының басшылары қатысты.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының 2021 жылды «Бастауыш кәсіподақ ұйымының жылы» деп жариялауына байланысты және осы орайда «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясын ұйымдастырылуда. Басты мақсат – бүкіл кәсіподақ қозғалысының тірегі болып табылатын бастауыш кәсіподақ ұйымдарының рөлі мен беделін арттыру, оларға барынша қолдау көрсету болып табылады.

Күн тәртібіне сәйкес аудандық кәсіподақ ұйымының басшысы Қасымбек Хаметов аудандық кәсіподақ филиалының атқарылған жұмыстары жайында баяндай келіп, “Қызмет” Салалық кәсіподағының басқа салалық кәсіподақтарға қарағанда жауапкершілігі ауыр екенін жеткізе отырып,  бүгінде әлемді шарлаған пандемияның таралуына байланысты санитарлық шараларды барынша қатаң сақтауды және мекемелерде қадағалауды тапсырды. Қазақстан Республикасының Үкіметі, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері мен кәсіптік одақтардың республикалық бірлестіктері арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған Бас Келісімді талқылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының ұйымдастыруымен өткізілетін байқау-конкурстарға « Халық бюджеті», « Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы», « Еңбек елдің – мұраты» арнайы жобасының аясында «Еңбек жолы» байқау-конкурстарына белсенді қатысу керектігін түсіндіріп, кәсіподақ жұмысынан шет қалмауды тапсырды.

Аудандық кәсіподақ басшысы Қасымбек Хаметов барлық Мақтаарал аудандық кәсіподақ мүшелерін Көктем мерекесі – Наурыз мерекесімен құттықтап, “Наурыз” сенбілігін өткізуге шақырды.