Қызметкерлердің құқықтарын қорғау бастауыш кәсіподақ ұйымынан басталады

Сабира Алина Қарағанды 1-ЖЭО-да еңбек және кадрлар жөніндегі жетекші инженер болып жұмыс істейді. Кәсіпорында жұмыс істеген алғашқы күндерінен бастап ол кәсіподаққа кірді, өзінің сауаттылығы мен парасаттылығы және әдептілігімен бірден назар аударды. Ол тез арада еңбек ұжымында құрметке ие болды.

2019 жылы Сабира Нұғырбекқызы кәсіподақ жиналысында ұжымның сеніміне ие болды және «Караганда Энергоцентр» ЖШС 1-ЖЭО кәсіподақ комитетінің төрағасы болып сайланды (Бас директор – Идрисов Сабырғали Мұхаметқалиұлы).

Қарағанды энергетикалық компаниялар тобы жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағының «Караганда Энергоцентр» ЖШС 1-ЖЭО бастауыш кәсіподақ ұйымы (төрайымы – Татьяна Мирхайдарова) Қазақстандық салалық энергетиктер кәсіптік одағының құрамына кіреді.

Кәсіподақ ұйымының төрайымы кәсіподақ мүшелерінің мәселелерін жұмыс беруші, 1-ЖЭО директоры – Жулниязов Илю Калыковичпен әлеуметтік серіктестікте шешеді.
Қазіргі уақытта 1-ЖЭО жұмыскерлерге кепілдіктер мен қолдау көрсету қарастырылған 2020 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңге арналған Ұжымдық шарт негізінде жұмыс істейді. Оның ішінде атап айтқанда: қосымша әлеуметтік демалыс, санаторлық-курорттық емделу кезінде материалдық қолдау көрсету, өз білімі мен тәжірибесін жас мамандарға беретін жоғары білікті қызметкерлерді ынталандыру, қажет болған жағдайда қызметкерлерге материалдық көмек көрсету, айтулы оқиғалар мен мерейтойларға байланысты қосымша көмек көрсету.

Төраға бастаған кәсіпорынның кәсіподақ активі барлық қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысады және ұйымдастыруда ат салысады, қызметкерлерге құқықтық мәселелерді түсіндіруге, жұмыс сипатындағы даулы мәселелерді шешуге көмектеседі.

Көбінесе кәсіподақ комитетінің төрайымына адамдар өздерінің жеке сұрақтарымен барып, көмек сұрайды. Ол әр қызметкерге көмектесуге және оларды қажетті жағдайда қолдауға тырысады. Еңбек ұжымында кәсіподақ көшбасшысы бола отырып, жұмыс орындарындағы жағдайды жақсы біледі, басшылықпен көптеген міндеттерді шешеді, кәсіподақ мүшелерін еңбек құқықтарын заңды түрде қорғауды қамтамасыз етеді. Алина Сабира адамдармен қалай жұмыс істеу керектігін, еңбек қатынастары саласындағы мәселелерді шешу үшін қайда жүгіну керектігін жақсы біледі.