Ақтөбе облыстық АКБ төрағасы AQTOBE TV телеарнасына сұхбат берді

Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы А. Әмірғалиев AQTOBE TV телеарнасына сұхбат берді.

Облыстық телеарнаның «Жолдау – дамудың даңғыл жолы» бағдарламасында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі” Жолдауындағы басым бағыттар, соның ішінде азаматтардың әл-ауқатын жақсарту, олардың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған оң бастамалар туралы айтылды.

«Президент жаңа экономикалық бағыттың жеті негізгі бағытын атап өтті. Біз Мемлекет басшысы айтқан міндеттерді жүзеге асыру бағытында бағдарымызды айқындап нақты істерге кірістік. Өз тарапымыздан жұмысшылардың лайықты жалақы алуларын, олардың еңбек құқықтарының сақталуын басты назарда ұстаймыз. Осы Жолдауда айтылған басты мәселелер Кәсіподақтар федерациясы бастамасымен биылғы жылы Үкіметпен бірлесіп қабылданған жаңа Бас келісімде нақты көрініс тапты. Онда ең төменгі жалақы мөлшерін кезең-кезеңмен индексациялауды заңнамалық тұрғыдан бекіту қарастырылған. Қарапайым жұмысшылардың ең төменгі жалақысын біртіндеп өсіруге үлес қосудамыз. Жалақысы жақсарса, азаматтардың тұрмысы да жақсарады», – деп атап өтті өз сұхбатында Ақтөбе облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Алтынбек Әмірғалиев.