Бастауыш кәсіподақ ұйымы сенбілікке жұмыла қатысты

Ақтөбеде тазалық айлығы басталды. Ол екі айға созылады. Оған аумақтық кәсіподақтар орталығы мен салалық кәсіподақтарға қарасты бастауыш ұйым мұшелері бір кісідей жұмыла атсалысуға кірісті.

Ақтөбеде қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері өз мекемелерінің аумағын қоқыстан тазартып, абаттандырды. Тазалық шарасына қатысушылар кәсіподақ ұйымы қолдауымен қажетті құрал-жабдықтармен, күрек, тырнауыш, қолғаптар және қоқыс салатын қаптармен қамтамасыз етілді.

Жалпы сенбілік тазалықты сақтау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға қоғам назарын аударуға бағытталған. “Біз бұндай шараларға белсенді атсалысамыз. Бұл біздің қала тазалығына қосқан үлесіміз”, – деді бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Анаргүл Ашықбаева.