Азаматтардың жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізілді

2021 жылғы 13 сәуірде Павлодар облыстық мәслихатының депутаты, Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы, Әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі комиссияның төрайымы Динра Айтжанова азаматтарды қабылдады.

Депутатқа ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған аналар жүгінді. “Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы” ММ өкілі Г.К. Жармакинаның және “Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы” ММ өкілі З. П. Морозованың қатысуымен қабылдау барысында ерекше қажеттіліктері бар балаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, арнайы кресло-арбалармен, гигиеналық және күтімге қажетті басқа да құралдармен қамтамасыз ету мәселелері көтерілді.

Қабылдау нәтижесі бойынша сұрақтар қосымша бақылауға алынды.

Орталық деңгейде шешуді талап ететін мәселелерді шешу үшін Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарымен бірлесіп онлайн қабылдау ұйымдастырылады.