Қостанайда білім ұйымдарының келісу комиссиясы мүшелерінің біліктілігін арттыру жұмысы жүзеге асырылуда

Қостанай облысындағы білім ұйымдарында қызмет ететін келісу комиссиясы мүшелеріне арналған ақысыз курстар басталған болатын.

Курстардың бастамашысы және ұйымдастырушысы – Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының аппараты.

Алғашқы онкүндікте тыңдаушылар үшін онлайн форматтағы теориялық сабақтар өткізіліп, сұрақ-жауап дискуссия алаңы ұйымдастырылып, өздігінен дайындалуға арналған тапсырмалар ұсынылды.

«Тәжірибе мен білімді бақылау» блогы оффлайн режимінде ұйымдастырылған. Келісу комиссияларының мүшелері еңбек дауларын шешуге арналған ситуациялық тапсырмаларды шешті, тест сұрақтарына жауап берді.

Алғашқы отыз курс тыңдаушыларына сертификаттар табысталды. Сәуір айында келісу комиссиясының 300 мүшесін қамту жоспарланған. Жыл аяғына дейін 4200 мүше қамтылатын болады.

Курстардың мазмұнды әрі жоғары деңгейде өткізілуі мен ұйымдастырылуы үшін білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының қоғамдық қабылдау бөлімінің жетекшісі Нина Сувороваға қатысушылар өз алғысын білдірді.