Бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері көктемгі егіске дайындық үстінде

Астықты Әйтеке би ауданына қарасты “Комсомол” серіктестігінің бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері де көктемгі далалық жұмыстарға кірісті.

Қазақстандық салалық ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағының құрамына кіретін Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы «Комсомол» серіктестігінің бастауыш ұйымының жұмыстары өзгелерге үлгі боларлық.

130-дан астам еңбеккердің басын біріктірген бұл іргелі ұжымда татулық пен ынтымақ берік орныққан. «Комсомол» ЖШС-нің ұжымы – Әйтеке би ауданындағы ірі ауылшаруашылық тауарын өндіруші.

«Комсомол» ЖШС-нің машина трактор паркі қазіргі заманғы талапқа сай егін жинау комбайны, автокөліктерімен жабдықталған.