Абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілді

Көктемнің шуақты күндерінен бастау алған қаланы қоқыстан тазарту мақсатында ұйымдастырылатын сенбілікке “Маңғыстау облысының Кәсіподақтар орталығы” АКБ ұжымы да атсалысты.

Қаланы гүлдендіріп, көшелерді көркейту мақсатында ағаш отырғызып, көгалдандыру жұмыстарын өзімізде бастағанымыз жөн. Туған өлкемізді гүлдендіру әрбір тұрғынның парызы екенін естен шығармайық! Себебі бұл – біздің болашақ ұрпаққа, өзімізге және табиғатқа жасаған үлкен сыйымыз!

Осы ауқымды шара аясында Кәсіподақтар орталығының қызметкерлері COVID-19 алдын алу шараларына сәйкес барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, қаланы қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарына атсалысты.