Заң клиникасы өз есігін айқара ашты

“Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығы” АКБ жанынан Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Заң клиникасының филиалы ашылды.

Заң клиникасы филиалының негізгі мақсаты – кәсіподақ мүшелеріне еңбек заңнамасы мәселелері бойынша тегін заңгерлік кеңес беруге қатысты қызметті жүзеге асыру.

Заң клиникасының филиалында жұмыс істеу үшін білікті адвокаттар, заңгер-консультанттар, медиаторлар, психологтар, сондай-ақ құқық қорғау, білім беру жүйелерінде, мемлекеттік құрылымдарда, заң компаниялары мен қоғамдық ұйымдарда қызмет еткен үлкен теориялық және практикалық тәжірибесі бар мамандар тартылған және азаматтарды қабылдауды жүзеге асыруда.

Филиал өз жұмысын бастап кетті. Алғашқы келушілердің бірі “АрселорМиттал Теміртау” АҚ КД Т.Күзембаев атындағы шахтасының жерасты жұмысшысы болды, оған дәрігер-кәсіби патолог, еңбек медицинасы мәселелері жөніндегі кеңесші Бану Тюлюбекова кеңес берді.

Келуші заң клиникасының қызметкерлеріне ақысыз білікті көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

Туындаған сұрақтарыңыз бойынша Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Заң клиникасының филиалына Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 5 кәсіподақтар үйіне, 202 кабинетке жүгінулеріңізге, 41-31-31, 8 -775- 916-35-25 телефондары арқылы хабарласуларыңызға болады.