Ойыл ауданында «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» байқауы өтті

Кәсіподақ ұйымдарының қызметін жандандыру, бәсекелестікті арттыру, белсенді көшбасшыларды анықтау мақсатында өткен сайысқа аудандағы бірнеше білім беру мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымы қатысты. Байқау барысында бастауыш ұйым төрағаларына еңбек заңнамасы, ұжымдық шарт негізінде сұрақтар қойылды.

Сайыс қорытындысы бойынша ІІІ орынды Ж.Жүсібалиев атындағы қазақ орта мектебінің бастауыш ұйымы, ІІ орынды Ойыл қазақ орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымы, І орынды Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш кәсіподақ ұйымы иеленді. Сондай-ақ, байқауға қатысушы «Жолшы», «Асанәлі», «Балдырған» бөбекжай-бақшаларының кәсіподақ ұйымдары Алғыс хатпен және қаржылай сыйлықпен марапатталды.