Қызметкерлердің құқықтарын қорғау бастауыш ұйымнан басталады

Мишенина Марина Валерьевна – «Гүлнұр» бөбек-жайы» КМҚК тәрбиешісі, он жылдан астам Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қарағанды облыстық ұйымының құрамына кіретін «Гүлнұр» бөбек-жайы» КМҚК кәсіподақ ұйымының төрайымы болып табылады.

Бөбек-жайдың кәсіподақ комитетінің төрайымы лауазымында жұмыс істеген уақыт аралығында өзін кәсіподақ жұмысын және нормативтік заңнамалық актілерді білетін, оларды кәсіподақ жұмысында шебер қолданатын белсенді кәсіподақ көшбасшысы ретінде көрсетіп келеді.

Марина Мишенина – талапшыл мұғалім, жаңашыр және мейірімді адам. Ол кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін қорғай отырып, ұжымда ұжымдық шарт жасасу бойынша келіссөздер жүргізу бастамасын қолдайды және ол шарттың мазмұны қызметкерлердің мүдделеріне сай келетіндігіне баса назар аударады.

Марина Валерьевна бастаған кәсіподақ активінің командасы ұжымдық шарт бөлімдерінің орындалуын жүйелі түрде бақылауда ұстайды.

Марина Валерьевна еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі комиссияның мүшесі болып табылады, бала-бақшаның мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларын жоспарлаумен және өткізумен белсенді айналысады, сондай-ақ кәсіподақ мүшелерінің демалысы мен сауықтыруын ұйымдастырады.

Қазіргі уақытта кәсіподақ мүшелігін ынталандыруға, жастарды кәсіподаққа тартуға, кәсіптік белсенділікті оқытуға көп көңіл бөледі. Бөбек-жай ұжымында мүшелікпен қамту пайызы 100%-ды құрайды.

Ол мекеме тәрбиешілерінің кәсіби және жеке мәселелерін шешуде әрқашан қол ұшын беруге дайын тұрады.

Ұжым өз тарапынан оның еңбек жолындағы барлық бастамаларын қолдайды.